Сенат сайлауына үш әйел өтініш берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат сайлауына  үш әйел  өтініш берді

Сенат сайлауына үш әйел өтініш берді

Сенат сайлауына кандидат ретінде осы уақытқа дейін 39 адам тіркелді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. Ал сайлауға түсуге ниет білдіргендердің саны 86-ға жеткен. Олардың 15-ін  мәслихат депутаттары ұсынса, қалған 71-і өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланыпты. Жоғарғы палата мандатына тартысәсіресе Жамбыл облысында қызу өтпек. Қазір  облысқа бөлінген бір орынға 9 адам үміткер. 

  • 28 Маусым 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz


Үміткерлердің санының көптігі бойынша  Жамбыл облысынан кейін  Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары келеді. Бұларда Сенат сайлауына қатысуға алты, жеті адамнан өтініш жасап отыр. Жалпы ұсынылған 86 адамның  9-ы қазіргі Сенат депутаттары.  Сенаторлыққа ұсынылып жатқандардың ішінде «Нұр Отан», «Ауыл», «Руханият», «Қазақстан патриоттары» партияларының өкілдері бар. Дегенмен олардың дені – ер азаматтар. Осы күнге дейін бақтарын сынауға небәрі  үшәйел ғана өтініш берген. Үміткерлерді ұсыну 19 шілдеге дейін, ал тіркеу 29 шілдеге дейін жалғасады. Естеріңізге салсақ, Парламенттің Жоғарғы палатасының депутаттарын сайлау биыл тамыз айының 19-ында өтеді. Заңға сәйкес, сенаторларды мәслихат депутаттары сайлайды. 

Соңғы жаңалықтар