Сенат Салық Кодексіне салық мөлшерін азайтуға бағытталған түзету енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Салық Кодексіне  салық мөлшерін азайтуға бағытталған түзету енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат Салық Кодексіне салық мөлшерін азайтуға бағытталған түзету енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 26-маусымда парламент сенатының жалпы отырысы Салық Кодексіне салық мөлшерін азайтуға бағытталған түзету енгізу жөніндегі заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 26 Маусым 2003
  • 468
Фото - Caravan.kz

Заң жобасында жеке кіріс салығының ставкасын дифференциалды түрде азайту, соның ішінде аталмыш салық түрінің ең жоғары мөлшерлемесін 30 проценттен 20 процентке дейін азайту қарастырылған. Сонымен бірге алғашқы оқылымда қабылданған түзетулерге сәйкес әлеуметтік салықты есептеу ставкасы қызметкердің салық салынатын кіріс мөлшерін 20 проценттен 7 процент аралығында өзгертуге мүмкіндік беретін регрессивті шкала бойынша жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, заң жобасында НДС ставкасын 15 процентке дейін азайту қарастырылған. Мұндай қадам экономиканың нақты секторындағы салық ауыртпалығын азайтуға жол ашатыны сөзсіз.

Сонымен бірге, заң жобасы патент және жеңілдетілген декларация негізіндегі бизнеске арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік тудырады.
Салық заңына енгізілетін түзетулер 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс.
Салық Кодексіне енгізілетін түзетулерді 28-маусым, сенбіге белгіленген сенаттың жалпы отырысында екінші оқылымда талқылау межеленді.

Соңғы жаңалықтар