Сенат салық салу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат салық салу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Сенат салық салу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

ҚР парламентінің сенаты бейсенбі күні пленарлық отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдады.

  • 23 Маусым 2011
  • 351
Фото - Caravan.kz

Заңнамаға түзетулер енгізу бастамасын депутаттар көтерген. Бұл түзетулер халықаралық салық салу жүйесін жетілдіруге және салық салу мәселелері бойынша халықаралық келісімдерді халықаралық тәжірибеге сәйкес әкімшілендіруге, ҚР заңнамалық актілерінің кейбір нормаларын нақтылауға бағытталған.

«Атап айтқанда, салық салу мақсатында резидент еместің тұрақты мекемелерін құру критерийлері нақтыланып, резидент еместің тұрақты мекемелерін тіркеу тәртібі белгіленіп, резидент еместердің, соның ішінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінің кейбір түрлеріне салық салу тәртібі нақтыланады», — деген болатын заң жобасын таныстырған мәжіліс депутаты Сансызбай Есілов.

Депутаттың айтуынша, сондай-ақ, түзетулермен резидент еместің ҚР-да ұсталған кіріс салығын қайтару тәртібі және шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарымен даулы мәселелерді өзара келісу процедурасын өткізу тәртібі белгіленген.

Соңғы жаңалықтар