Сенат салық заңнамасына енгізілетін бір күндік фирмаларлың іс-қызметіне қарсы бағытталған түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат салық заңнамасына енгізілетін  бір күндік фирмаларлың іс-қызметіне қарсы бағытталған түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат салық заңнамасына енгізілетін бір күндік фирмаларлың іс-қызметіне қарсы бағытталған түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 20-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қараша 2006
  • 456
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайыновтың айтуынша, «заң жобасы салық әкімшілігін оңтайландыруға, салықтан жалтарып кету қаупі үлкендігімен ерекшеленетін субьектілерге қатысты салық бақылауын күшейтуге, сонымен қатар салық процедураларын ырықсыздандыруға бағытталған».

«Салық төлемеуге қатысты негізгі тәуекелдер бір күндік фирмалардың іс-қызметіне байланысты. Мұндай субьектілер қаржыны заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады. Ол салық базасын салық мекемелерінен жасыруға, сондай-ақ, экспорттық операциялар бойынша Қосалқы құн салығын заңсыз қайтарып алуға мүмкіндік береді. Сол себепті заң жобасында осындай фирмалардың жұмыс істеуіне жол бермеуге бағытталған түзетулер кешені бар»,- деді вице-министр.

«Тауар экспорттаушылар тарапынан салық салынбайтын айналымдар бойынша Қосалқы құн салығын бюджеттен қайтаруды негізсіз талап етуге байланысты жағдайларды жою үшін салық қызметі органдарына экспортталған тауарларды сатушылардың олар өндірілген сәттен бастап сатылғанға дейінгі тізбек әрекеттерін тексеруге мүмкіндік беретін норма енгізілді»,- деді бүгін аталмыш заң жобасы бойынша тең баяндамашы Евгений Аман.

Сонымен бірге сенатордың айтуынша, «заң жобасының көмегімен аффинажды бағалы металдарға салықты қаржылық құралдарға салық салу режиміне сәйкес салу туралы норма енгізу ұсынылып отыр. Соған сәйкес, аффинажды бағалы металдардың айналымын салықтан босату, сондай-ақ, аффинажды алтын мен платина саудасына нольдік ставкамен салық салу ұсынылған».

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін палатаның салалық комитетіне жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта