Сенат салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

Сенат салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 20-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қараша 2006
  • 341
Фото - Caravan.kz

Мәселен, сенатор Евгений Аманның айтуынша, «депутаттар жалған экспорт қылмысы үшін жаза қолдануға қатысты Қылмыстық кодекске енгізілетін түзетуді алып тастады. Өйткені, осындай қылмыс үшін жүктелетін жаза алаяқтық жөніндегі 177, жалған кәсіпкерлік жөніндегі 192-баптарда қарастырылған».

Сонымен бірге «Салық кодексіне енгізілетін өзгерістердің арасынан осы кодекстің 144-бабында көзделген салық жеңілдіктері аясынан еліміздің резиденті болып табылмайтын жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден тапқан кірісіне жеңілдік жасау туралы ережесі бар норма алып тасталды. Өйткені, осындай тұлғалардың кірісіне салықтан жеңілдік жасау қажеттігі жоқ»,- деді Е.Аман.

Сонымен бірге сенаторлар үкімет тарапынан ұсынылған «Этил спирті мен алкогольді өнімдердің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңға шарап сусындарына қатысты түзетулер енгізу туралы ұсынысты қайта қалпына келтірді. «Өйткені, шарап сусындарын алкогольді өнімдер қатарынан алу оларға қатысты мемлекеттік реттеу шараларының жүзеге аспай қалуына алып келеді»,- деді депутат.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы салық әкімшілігін оңтайландыруға, салықтан жалтарып кету қаупі үлкендігімен ерекшеленетін субьектілерге қатысты салық бақылауын күшейтуге, сонымен қатар салық процедураларын ырықсыздандыруға бағытталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта