Сенат сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін  түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Сотқа деген сыйламаушылық таныту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Ақпан 2007
  • 476
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот билігінің беделі мен мәртебесін көтеру мақсатында және әділ сот жүргізуге кедергі келтіру мен сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту жолымен соттардың тәуелсіздігін нығайту мақсатында өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған»,- деп көрсетілген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінде сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жауапқа тарту қарастырылған. Сотқа сыйламаушылық таныту дерегі бойынша іс жүргізу ережесі регламенттелген. Бұл соттарға іс сотта қаралып жатқан кез-келген сәтте осындай дерек бойынша іс жүргізе бастауға мүмкіндік береді.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті