Жарияланды: 370

Сенат Спикері Павлодар мен Алматыға барады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми 10 қаңтарда жұмыс бабындағы сапармен Павлодар қаласында болады. Сапар барысында Қ.Мәми Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар облысының өкілді және атқарушы билік активімен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сонымен қатар, 14 қаңтарда Сенат Спикері Алматыда болып, қала активімен кездесуді жоспарлайды. Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін талқылау көзделуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін