Сенат төрағасы елімізге іссапармен келген Монғолия парламентшілерін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат төрағасы елімізге іссапармен келген Монғолия парламентшілерін қабылдады

Сенат төрағасы елімізге іссапармен келген Монғолия парламентшілерін қабылдады

Бүгін, 23-желтоқсанда сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімов елімізге ресми іс-сапармен келген Монғолия парламенті - Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың төрағасы Санжбэгзийн Төмөр-Очирды қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 478
Фото - Caravan.kz

Кездесуде парламенттік республика болып табылатын Моңғолияның ең жоғары мемлекеттік билік мекемесі- парламенттің спикері екі ел арасындағы тиімді сауда-экономикалық қатынастардың аясын кеңейту және шекарааралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне тоқталды. Моңғолия елі сапалы ет және мал өнімдерінен жасалған түрлі тағамдарды Қазақстанға экспорттай алатыны айтылды.

Моңғолия-Қазақстан парламентаралық тобының мүшесі, Моңғолия парламентіне қазақтар мекенденетін Баян-Өлгей аймағынан сайланған депутат Нығмет Оңғышұлы осы аймақта тұратын 100 мың қандасымыздың атынан дұғай сәлемін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар