Сенат төрағасы Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Сантьяго Чаморроны қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат төрағасы Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Сантьяго Чаморроны қабылдады

Сенат төрағасы Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Сантьяго Чаморроны қабылдады

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Сантьяго Чаморроны оның біздің еліміздегі қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Қазан 2008
  • 599
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесудегі әңгіме барысында тараптар көпсалалы Қазақстан-Испан ынтымақтастығы мен екі мемлекет қарым-қатынастарының маңызды құрамы болып табылатын парламентаралық байланыстардың дамуына қанағаттанғандық білдірді.

Қазақстан сенатының басшысы әр тарапты, тең құқықты әрі өзара тиімді әріптестікті тереңдетудегі атқарылған ауқымды жұмыстары үшін С.Чаморроға алғыс айтып, 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін испан жағына ризашылық білдірді. Қ.Тоқаев елшіге екі ел арасындағы сындарлы саяси үнқатысуды дамытудағы, көптеген қазақстандық бастамаларды қолдаудағы испан дипломатиялық миссиясы басшысының жеке үлесі аталып өтілген алғыс хат табыс етті және бұдан былайғы дипломатиялық қызметінде табысты болуға тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде С.Чаморро 2010 жылы Еуропалық Одақты басқаратын Испания Қазақстан Республикасы төрағалық ететін ЕҚЫҰ-ымен тығыз қарым-қатынасқа сенетінін атап өтті.

Испан дипломаты Испаниямен қатынастарды және екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту жөніндегі қызметі үшін Қ.Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар