Сенат төрағасы мен Израиль Кнессетінің төрағасы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың келешегі мен оны нығайту мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат төрағасы мен Израиль Кнессетінің төрағасы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың келешегі мен оны нығайту мәселелерін талқылады

Сенат төрағасы мен Израиль Кнессетінің төрағасы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың келешегі мен оны нығайту мәселелерін талқылады

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат төрағасы мен Израиль Кнессетінің төрағасы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың келешегі мен оны нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Мамыр 2008
  • 367
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Израиль Мемлекетінде сапарда жүрген парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасы Далия Ицикпен кездесті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандық парламенттік делегация Израиль Мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған шараларға қатысуда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Израильдің екіжақты қатынастарын одан әрі дамытудың келешегі мен оны нығайту мәселелерін талқылады. Халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерінде көзқарастардың үйлесетіні аталып өтілді.

«Біздің елдеріміздің заң шығарушы органдары арасындағы жүйелі байланыстар екіжақты негіздегі қатынастарды нығайтуға және парламентаралық ұйымдар аясындағы әріптестікті кеңейтуге ықпал етеді», деді Қазақстан сенатының төрағасы.

Израильдің заң шығару мен парламентаризмдегі өнегелі тәжірибесі Қазақстанға зор ықылас туғызады, деп атап өткен ол Кнессет төрағасын біздің елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Қ.Тоқаев Далия Ицикке еліміздің саяси өміріндегі парламенттің рөлі мен мәртебесін елеулі түрде күшейтуді қарастыратын конституциялық жаңарулар жайын таныстырып, сенат қызметі туралы әңгімеледі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен табысты жүзеге асып келе жатқан Қазақстандағы саяси жаңғырулар мен экономикалық даму мәселелеріне тоқтала келіп Қасым-Жомарт Тоқаев конфессияаралық үнқатысудың жаһандық бастамасын ілгерілетудегі, атап айтқанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру идеясын қолдағаны үшін иудаизм өкілдеріне алғыс айтты.

Израиль Кнессетінің төрағасы Далия Ицик саяси реформаларды жүзеге асырудағы және экономикалық жетістіктердегі Қазақстанның табыстарын жоғары бағалай отырып, екіжақты қарым-қатынастардың тиімді тетігіне айналған парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында халықаралық тақырыптар бойынша пікір алмасылды, атап айтқанда таяу шығыстағы кейбір мәселелерді реттеу жайы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті