Қ.Мәми өзара парламентаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған кезден бастап өзара іс-қимыл толық түсіністік пен сенім негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
«Біз ЕКПА-ны маңызды саяси әріптес қарастырамыз және бұдан былай сындарлы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», деді төраға.
Қ.Мәми сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы саяси үнқатысуды одан әрі нығайтуда парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.
М.Чавушоглу Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуімен құттықтады және «Президент Н.Назарбаевтың еуропалық және азиялық ықпалдастық туралы бастамалары ИЫҰ аясында табысты ілгерілейтін болады», деп сенім білдірді.