Сенат Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарын қалыптастыру тәртібі туралы хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарын қалыптастыру тәртібі туралы хаттаманы бекітті

Сенат Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарын қалыптастыру тәртібі туралы хаттаманы бекітті

Бүгін, 12-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар 1992-жылдың 15-мамырында қол қойылған Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы хаттаманы бекітті ,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 12 Маусым 2003
  • 538
Фото - Caravan.kz

Хаттама мақсаты — Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарын қалыптастыру. Хаттаманың бірінші бабына сәйкес үш коалициялық аймақтық жасақ топтары құрылмақ : Шығыс Еуропалық, Кавказдық және құрамына Қазақстанды қамтитын Орта Азиялық . Сондай-ақ, әуеден қорғаныс және барлау күш-құралдарының жасақтары, байланыс және әскери басқару жөніндегі мемлекетаралық мекемелер құрылмақ.

Сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары- ҚР қарулы күштері бас штабының бастығы Мәлік Сапаровтың айтуынша, » коалициялық аймақтық жасақ топтарына Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің аумақтық біртұтастығы мен егемендігін қорғау, қандай да бір басқыншылық әрекеттің алдын алу және оған тойтарыс беру міндеттері жүктеледі». «Хаттамаға қол қою мемлекетіміздің мүддесіне сай келеді, ал Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше-мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру тек осы аймақтағы ғана емес, сонымен бірге дүниежүзіндегі қауіпсіздікті сақтаудың тиімді факторына айналатыны анық»,- деді М.Сапаров.
Сенатта бекітілген заң жобасы Елбасының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар