Сенат заңсыз еңбек көші-қонының арналарын жоюды қарастыратын келісімді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат заңсыз еңбек көші-қонының арналарын жоюды қарастыратын келісімді ратификациялады

Сенат заңсыз еңбек көші-қонының арналарын жоюды қарастыратын келісімді ратификациялады

ҚР парламентінің сенаты бейсенбі күні пленарлық отырысында «Үшінші елдерден заңсыз еңбек көші-қонына қарсы тұру бойынша ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

  • 2 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

Келісімге сәйкес, тараптар заңсыз еңбек мигранттарына қолдау көрсететін құрылымдарды және олардың арналарын анықтау мен жоюды; еңбек көші-қонының көлеміне мониторингті, заңсыз мигранттарды шығару мен депортациялау тетіктерін әзірлеу мен жетілдіруді, келісімге қатысушы-мемлекеттердің аумағында жұмыс істеу мақсатымен келуді шектейтін келісілген шаралар әзірлеуді және т.б. жүзеге асырады.

Тараптардың ынтымақтастығы бірнеше форма бойынша жүргізіледі. Келісімге мүше-мемлекеттер көші-қон және шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативті-құқықтық актілермен алмасуға; аталған проблемаға қарсы тұру бойынша оперативті-алдын алу шараларын ұйымдастырып, өткізуге, тәжірибе алмасуға, семинарлар, оқу курстарын өткізуге міндетті.

Бұл келісімне 2010 жылдың қарашасында Санкт-Петерборда Беларусь, Қазақстан және Ресей заңсыз еңбек кқші-қонының жолын кесу бойынша ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құру мақсатында қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар