Жарияланды: 630

Сенат жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізу жөніндегі заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу жөніндегі заң жобасын мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Салық кодексінің жобасы мемлекет басшысының үстіміздегі жылғы Жолдауына сәйкес әзірленгені және экономика секторынан жалпы ауыртпалықты төмендете отырып, сонымен бір уақытта өндіру секторының қайтарымын арттыруды қарастыратыны, сондай-ақ экономиканы жаңғыртуға және диверсификациялауға, салық әкімшілігін жетілдіру және салық рәсімдерін оңайлатуға бағытталған. Салықты жеңілдету мақсатында үш жыл бойы корпоративтік табыс салығын мөлшерін қазіргі 30 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету қарастырылып отыр. Салық төлеушілер жеңілдік мөлшерін өздігінен, өкілетті органдармен шарт жасаспай қолданатындықтан инвестициялық салық преференцияларды алу тәртібі оңайлатылады. Заң жобасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемнен босатуды қарастырады, ол осы деңгейдегі кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын едәуір жеңілдетеді. 2009 жылы қосымша құн салығы мөлшерлемесі 12 пайызға тең болады, ол әлемдегі ең төмен мөлшер болып табылады. Әлеуметтік салықты реформалау аясында салықтың 13-тен 5-ке дейінгі азаятын мөлшерінен 11 пайыз мөлшеріндегі жайпақ тұрпатты көрсеткішке көшу ұсынылып отыр. Жеке табыс салығының мөлшерлемесі 10 пайыз деңгейінде сақталады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін