«Қазақстан Конституциясының 55-бабының 1-тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жақсылық Рзабекович Алановты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатуды сұраймын»,- делінген Елбасының таныстыруында.
Сенатшылар алдында сөз сөйлеген Қайрат Мәмидің айтуынша, Ж.Аланов 2006-жылдың 13-қарашасында Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған.
Сенатшылар Ж.Алановты қызметтен босатуды бір дауыстан қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті