Сенат зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне енгізілетін өзгертулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат зияткерлік меншік мәселелері бойынша  кейбір заң актілеріне енгізілетін өзгертулерді мақұлдады

Сенат зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне енгізілетін өзгертулерді мақұлдады

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Ақпан 2007
  • 342
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы ашқан жаңалыққа патент алу процедурасына өзгерту енгізуді, қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқартуды және тапсырыстарға сараптама жүргізу тәртібін жетілдіруді көздейді.

Енгізілген өзгерістерде алдын ала патент және оны беру процедурасы нновациялық патент деп аталатын жаңа қорғау құжатының түрімен ауыстырылған. Мұндай алмастыру елдегі инновациялық даму талаптарымен түсіндіріледі.

Құжатта тексеру сараптамалық элементтері бар қорғау құжаттарын алудың жеделдетілген процедурасы осы құжат иесін өзінің техникалық жаңалықтарын дер кезінде және толық қорғауға мүмкіндік береді, технологияны лицензиялауға жол ашады және өндіріске жаңашылдық енгізуді жеделдетеді делінген.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті