Жарияланды: 450

Сенатор Ә. Ахметов ЕҚЫҰ Төрағасының Жеке өкілі болып қайта тағайындалды

Сенатор Ә. Ахметов ЕҚЫҰ Төрағасының Жеке өкілі болып қайта тағайындалды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының Жеке өкілі болып қайтадан тағайындалды.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды. Украинаның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі лауазымына бекітілді. Естеріңізге сала кетсек, сенатор Әділ Ахметов бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарып келеді. Ә.Ахметов Қазақстан Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, сонымен қатар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін