Сенатор ӘКК-ға жер қойнауын пайдалану құқығын беру процедурасын заң жүзінде жеңілдетуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор ӘКК-ға жер қойнауын пайдалану құқығын беру процедурасын заң жүзінде жеңілдетуді ұсынады

Сенатор ӘКК-ға жер қойнауын пайдалану құқығын беру процедурасын заң жүзінде жеңілдетуді ұсынады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының депутаты Еділбай Иманқұлов ӘКК-ға жер қойнауын пайдалану құқығын беру процедурасын заң жүзінде жеңілдетуді ұсынады. Ол мұндай ұсынысты бүгін "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің даму негізі" атты дөңгелек үстел барысында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Үкімет жобасын жасаған «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы» заң жобасының жекелеген нормалары қолданыстағы заңнамаға қайшы болғандықтан, бұл заң жобасында Азаматтық және Жер кодекстеріне өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Алайда, бұған қоса, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңына да ӘКК-ға пайдалы қазбалар өндіру мен барлау жүргізу құқығын беру процедурасын заң жүзінде жеңілдету мақсатында түзетулер енгізу қажет деп санаймыз», — деді Е. Иманқұлов.

Оның айтуынша, үкімет ұсынған заң жобасындағы Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға кеніштерді беру процедурасы «өте күрделі әрі ол бұрынғы қалпында қалған».

«Осыған орай мен мемлекет басшысының халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында «осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды, «Самұрық» холдингі мен өңірлік ӘКК-лар тау-кен-металлургия саласының тиімді дамуы мен бәсекелестік қабілетін арттыруға нақты шаралар қолдануы қажет. Ол үшін тау-кен-металлургиялық компаниялардың акцияларының мемлекеттік қоржынын нақты басқара бастау, сондай-ақ, сирек металдарды қоса қара және түсті металдардың барланған кеніштеріндегі жер қойнауын пайдалану құқығын өзіне жүктеп алу қажет» деп ерекше атағанын еске сала кетуді жөн көрдім», -деді халық қалаулысы.

«ӘКК жеке меншік бизнеспен бірлесе отырып, өңірлердегі жер қойнауларын игеруге тиіс, алайда, үкімет қаулысының кейбір акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік қоржынын корпорацияларға беру жөніндегі бөлімі іс жүзінде орындалмай отыр, пайдалы қазбалар өндіру мен жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнгеспен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер ынтымақтастық орнатуға құлық таныта алмай отыр», — деді сенатор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті