Жарияланды: 400

Сенатор мандаты үшін Ақтөбе облысында екі адам бақ сынасады

Ақтөбе облысында республика сенатының депутаттығына кандидат куәлігін екі адам алды.

Оның бірі "Ақбұлақ" АҚ-ның президенті 51-жастағы Асан Ибраев өзін-өзі ұсынған, екінші кандидатты- облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы 50- жастағы Серік Орынбаевты Әйтекеби, Ойыл аудандары мәслихаттарының депутаттары ұсынды, деп хабарлады жұмада "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гульмира Күнбаева. Оның айтуынша, аймақ бойынша тұтас алғанда төрт кандидаттан өтініш берілген. "Бүклі қажетті құжаттарды жинастырған және жарна төлеген А.Ибраев мен С.Орынбаев куәлік алды", деді ол. Сенат депутаттарының сайлауы 19 -тамызға белгіленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін