Сенатор «оралман» терминінен бас тартуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор «оралман»  терминінен бас тартуды талап етті

Сенатор «оралман» терминінен бас тартуды талап етті

Қазақстанда «оралман» деген термин түбегейлі жойылуы мүмкін. Сенаторлар бұл атауға тағы қарсылық білдіріп, мүлдем бас тартуды ұсынды.  

  • 4 Қараша 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Икрам Адырбеков, Сенат депутаты:

-Қай жақтан табады осы «оралман» деген сөзді. Ағылшын мен қазақ тілінің қосылған сөзі ме сонда? Сен оралдың ғой дегендей, көкірегінен итергендей. Олардың тағдырын ескере келе, меніңше, оны қайта қарау керек. Олардың өзімен де ақылдаса отырып, көңілінен шығатын сөз табу керек.

Сенатор Адырбековтың айтуынша, «оралман» деген сөз этникалық қазақтарды кемсітіп, олардың жергілікті жұртпен тең өмір сүруіне, ортаға  сіңісіп кетуіне кері әсер етеді екен. Оның үстіне еліміз тәуелсіздік алғалы қолданылып келе жатқан «оралман» термині әбден ескіріпті. Сондықтан, Икрам Адырбеков «оралманның» орнына «қандас», «отандас» сынды жаңа атауға ауысайық дейді. Бүгін «Көші-қон» туралы заңды талқылаған жоғары палата осылайша ата мекеніне келген қазақтарды жұмыспен қамту,  азаматтық беру, әлеуметтік жағдай жасаумен қатар оларға жаңа атау беру мәселесін де қозғады. Ұсынысты Әлеуметтік даму министрлігіндегілер де қолдап отыр. Шенеуніктер тіпті елдегі кез-келген бүлікті оралмандарға сырып қоятын әдетіміз бар деп ағынан жарылды.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

-Жаңаөзеннің өзінде 2011-жылы болған ереуілде де барлығы оралман дейді. Ол жерде бірде-бір оралман болған жоқ. Барлығы біздің қазақтар, Маңғыстау облысының тұрғындары. Иә, 20-30 жыл бұрын ата-аналары келген.

Соңғы жаңалықтар