Жарияланды: 390

Сенатор Қ. Айтаханов «Балалар капиталы қорын» құру мәселесін көтерді

«Балалар капиталы қорын» енгізу қажет. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заңын талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов осы мәселені көтерді.

«Еліміздегі күрделі мәселе - демография. Жеріміз кең, халқымыздың саны аз. Сол үшін әрбір іс-шарамызды демографиялық жағдайды жақсартуға бағыттауға тиіспіз», - деді Қуаныш Айтаханов. Соған орай, депутат келешекте бала туу арқылы елдің демографиялық жағдайын жақсарту үшін, сондай-ақ ауылдағы көпбалалы отбасы балаларының білім алуына жағдай жасау үшін «Балалар капиталы қорын» енгізу қажеттігін көтерді. «Көп отбасыларда сәби саны 1-2-еу ғана. Ал соның санын арттыру үшін елімізде әр отбасында туылған үшінші сәбиден бастап олар үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінсе, содан кейінгі әр туылған бала үшін бөлінетін қаржының көлемі артып отыратын болса. Ата-ана бұл қаржыны тек баланың білім алуына жұмсайтын болса. Сонда мемлекет тарапынан да, ата-ана тарапынан да баланың болашағына, біліміне, сондай-ақ демографияны ынталандыруға жағдай жасалған болар еді», - дейді сенатор. Оның айтуынша, бұндай қадам арқылы халқымыздың саны көбейіп, көпбалалы отбасындағы балалардың жоғары білімге қолжетімділігі қамтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін