Сенатор С.Ақылбай Қазақстанда жалпы сот жүйесіне кірмейтін әкімшілік соттарды құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор С.Ақылбай Қазақстанда жалпы сот жүйесіне кірмейтін әкімшілік соттарды құруды ұсынды

Сенатор С.Ақылбай Қазақстанда жалпы сот жүйесіне кірмейтін әкімшілік соттарды құруды ұсынды

Қазақстанда жалпы сот жүйесіне кірмейтін әкімшілік соттар пайда болуы керек.

  • 2 Қараша 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бұл пікірді бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Еуропа және Орталық Азия елдерінде әкімшілік әділетті қолданудың теория және практика мәселелері» әкімшілік құқық бойынша үшінші халықаралық ғылыми-тактикалық конференциясы аясында ҚР Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай білдірді.

«Бүгінгі конференцияда талдап жатқан мәселеміз тек қана мемлекет пен адам арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Яғни, принципі жағынан бөлек. Бұл біздің мемлекет үшін, Орталық Азиядағы мемлекеттер үшін жаңа, мүлдем басқа ұстанымдағы заң болады»,-деді ол.

Оның пайымынша, ең бірінші әкімшілік құқықты одан әрі дамытып, одан кейін әкімшілік іс жүргізушілік кодексін қабылдау қажет. Қазіргі уақытта бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттерден Грузия мен Әзірбайжанда осындай іс жүргізушілік кодекстер мен әкімшілік соттар бар.

«Ал біздегі әкімшілік соттар ол талаптарға сай емес. Яғни, жаңа жалпы сот жүйесіне кірмейтін әкімшілік соттар пайда болуы керек», деді С. Ақылбай.

Сенатордың сөзіне қарағанда, әкімшілік іс жүргізушілік кодексінде азаматтарға жаза қолдану мүлдем қарастырылмайды. «Мәселен, Үкімет бір акті шығарады. Егер, актілер азаматтардың құқығына қарама-қайшы келетін болса, әкімшілік сот өз тарапынан оны қарап, бұзып, күшін жоюға қауқарлы»,-деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар