Жарияланды: 550

Сенатор Жалмағамбетова «ҚазАгро» қызметіне бюджет қаржысын үлестіру бойынша тексеру жүргізуді ұсынды

ҚР парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қызметін тексеруді ұсынады.

«Мамытбеков мырза, мүмкін ауыл шаруашылығы министрі болғаннан кейін сіз «ҚазАгро» жұмысын қайта қарап, түзетіп, оны ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге жақындата түсетін шығарсыз», - деді ол дүйсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында. Сондай-ақ, сенатор «Қазагро» мен оның еншілес кәсіпорындары ауыл шаруашылығын қолдауға деп бөлінген Т80 млрд қаржының Т42,5 млрд игергенін жеткізді. С. Жалмағамбетованың мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 26 тамызында экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия игерілмеген Т37,4 млрд қаржыны бидай сатып алуға бағыттаған. Ал бұл мақсатқа Т16,6 млрдшығындалған, деп ашындыдепутат. Бұдан басқа, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылық түрлерімен айналыспайтын ауыл шаруашылық кооперативтерін несиелеуге бөлінгенТ2 млрд қаржының Т801 млн немесе40%игерілмей қалған. «Ал біз, депутаттар бұл уақытта сайлаушылармен кездесуде жақсы бағдарламалар туралы, бөлінген қаржы туралы айтамыз, ал іс жүзінде ол қаржы олардың қолына жетпейді де», - деді ол. «ҚазАгро» холдингі кіммен және қалай жұмыс істейтінін, бюджет қаржысын кім алатынын анықтау керек. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үщін несие алу процедуралары мен мерзімдерін барынша жеңілдету керек», - деді депутат. Бұрын хабарланғандай, «Нұр Отан» ХДП-сының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңесі «ҚазАгро» ұлттық компаниясының Алматы облысында Т2,5 млрд қаржыны тиімсіз жұмсағанын анықтаған. «Көп қаржы шығындалған. Біз келгенше (кеңес мүшелері - ҚазТАГ), ол кәсіпорынға бір де бір шенеунік бармаған, ол (кәсіпорын қаладан - ҚазТАГ) алыс емес жерде орналасқан. Материалды телефон арқылы жинаған, ал біздің қызметкерлер барғанда, ол жерде әлі түк те жасалмаған… «ҚазАгро» қаржы бөлген, бағдарламаны бақылайтын ешкім жоқ, нәтижесінде ешкім жауап бермейді де. Бюджеттің қыруар қаржысы шығындалып, тот басып жатыр, қазіргі жағдайы мүшкіл», - деп мәлім етті кеңестің мүшесі, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Төлеген Ибраев 17 маусымда. Т. Ибраев нақтылап өткендей, «ҚазАгро» компаниясы Т2,5 млрд қаржыны Алматы облысының Бақанас ауылында 5 мың бас малға есептелген бордақылау алаңының құрылысына бөлген. Шара қолдану үшін тергеу материалдары бас прокуратураға жолданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін