Сенаторлар Астанада сенбілікке шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторлар Астанада сенбілікке шықты

Сенаторлар Астанада сенбілікке шықты

Бүгін Сенат депутаттары мен Палата Аппаратының қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

  • 24 Қыркүйек 2016
  • 434
Фото - Caravan.kz

Сенаторлар елорданы көркейтуге зор ықыласпен атсалысты. «Халық жасап жатқан жұмыс еш уақытта қиын болмайды, — деді Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай. — Елмен бірге істеген жұмыстың игілігі де мол, балаларға, болашаққа үлкен өнеге болып табылады. Отанымызға, елордаға деген құрметіміз осындай».

общегородской субботник  

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова Астана — Елбасының қаласы екенін және әрбір отандасымыз қаладағы сенбілікке ықыласпен қатысатынын атап өтті. «Бұл пайдалы әрі қажетті жұмыс, біз елорданы дамытуға, оны жасыл желекке бөлеуге баса назар аударып отырған Мемлекет басшысын қолдауға бар күш-жігерімізді арнаймыз», — деді Б.Әйтімова.

Шара барысында Астананың сол жақ жағалауындағы Жәнібек және Керей хандары көшесіне жүзден астам терек пен қарағай көшеттері отырғызылды.

субботник м 

субботник м

Соңғы жаңалықтар