Сенаторлар лицензия беру жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторлар лицензия беру жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенаторлар лицензия беру жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Бүгін, 17-ақпанда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензия беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған түзетулер енгізіп, мәжіліске кері қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан.

  • 17 Ақпан 2005
  • 400
Фото - Caravan.kz

Сенат тарапынан енгізілген түзетулер нұсқау сипатында және олар жоба нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжаттың мақсаты — лицензия беру жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Атап айтсақ, заң жобасы бойынша кәсіпкерлік іс-қызметтің 23 түрі мен 20 ішкі түрге міндетті лицензия беру тәртібін алып тастау ұсынылған. Осындай қызмет түрлерінің арасында адвокаттық қызметке байланыссыз ақылы заңгерлік қызмет көрсету, жиҺанкездерге қызмет көрсету, өлшем құралдарын тексеру, азаматтық әуе кемелерін қабылдау және шығару, азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсету, қол жүк пен жүктерді буып-түю тәрізді түрлер бар.

Перейти к новостям спорта