«Үлестік құрылыс қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалардың талаптарын бірінші кезекте қанағаттандыруды қарастыратын өзгертуді «Банкроттық туралы» заңының 75-бабына және Азаматтық кодекстің 51-бабына енгізуді ұсынамыз «, — деді бүгін сенаттың жалпы отырысында премьер- министрге депутаттар атынан жіберілген сауалды оқыған сенатор Фарит Ғалымов.
«Мемлекеттік тұрғын-үй құрылыс бағдарламасы аясында тұрғызылған үйлерді жергілікті атқару органдары тарапынан ҚР азаматтарына сату ережелеріне құрылысшы компанияның банкроттыққа ұшырауы салдарынан баспанаға қолы жетпеген үлескерлерді тұрғын-үйге ие болуға басым құқығы бар тұлғалар санатына енгізуді ұсынамыз «, — деп толықтырды ол.
Сенаторлардың пікірінше, Қазақстан азаматтары болып отырған жеке тұлғалар-үлескерлердің талаптарын бесіншіден бірінші кезекке ауыстыруы, ең біріншіден «баспанадан айырылуы денсаулыққа келтірілген зиянмен тең» болып отыр.
«Бұл қаржысы таусылған құрылысшылардың үстінен оларды банкрот болып тану жөніндегі шағымдарды сотқа түсіруден бұрын, банктерді баспана нысандарын аяқтауға қажетті қаржыны іздестіруге талпындырады. Бұл сондай-ақ, үлескерлер құйған қаржының бір бөлігін қайтарып алуға кепіл болып, қайтарылған қаржы баспанаға деген сұранысты қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін «, — деп түсіндірді Ф. Ғалымов.
«Бұл шаралар үлестік құрылыс дағдарысы салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді жұмсартады деген сенімдеміз», — деп қорытындылады сенатор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті