Сенаторлар заңды шикі күйінде қабылдап жатқанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторлар  заңды шикі күйінде қабылдап жатқанын мойындады

Сенаторлар заңды шикі күйінде қабылдап жатқанын мойындады

Депутаттар алимент төлемей қашып жүрген әкелерді жазалаудың жаңа әдісін тапты. Сенаторлар «өз баласынан безінгендерден  көлік жүргізу куәлігін тартып алайық»  деп отыр.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 204
Фото - Caravan.kz

Қазір елімізде өз ұл-қызынан қашып, жұмыс орны мен табысын жасырып жүрген 14 мың әке бар. Жазаны күшейтуді талап еткен сенаторлар оларды  кемі 1 жылға рөлге отыру құқығынан айыруды ұсынды. Мұндай тыйым тек мүгедектер мен көлікті жалғыз табыс көзі етіп отырған азаматтарға салынбауы тиіс. Бұл әдіс шетелде кеңінен қолданылады екен. Мәселен, Беларусь 2012 жылдан бері алимент төлемей жүрген әкелерден көлік жүргізу куәлігін тартып алуда. Нәтижесі жаман емес, қара тізімдегілердің 41 пайызы дереу бала-шағасының алдындағы қарызын өтей бастаған. Сенаторлар бүгін қашқын әкелерді ғана емес, Үкіметке өкпелерін де айтты. Министрлердің жаңа заңды Парламентке екі күн бұрын әкелетін әдеті бар екен. Сөйтіп,  «шұғыл қабылдау керек» деп қиылып тұрып алады. Салдарынан талай құжат  шикі күйде қабылданып кеткеніне депутаттар өкініш білдірді.

Серік Ақылбай, Сенат депутаты:

-Тым келісе берудің шегіне жеткен сияқтымыз. Жалғыз менің пікірім емес, мына отырған сенаторлардың пікірі. Қашанғы осындай саясат қолданасыңдар, қашанғы біз осыған  көнеміз? Өзімізге тиісті екі ай уақытты берсеңдерші, айналайындар?