Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде бірқатар әлеуметтік заңдардың жобалары талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде бірқатар әлеуметтік заңдардың жобалары талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде бірқатар әлеуметтік заңдардың жобалары талқыланды

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде кеше "Әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Желтоқсан 2008
  • 996
Фото - Caravan.kz

Отырыста «Әлеуметтік қызметтер туралы» заң жобасын талқылау барысында ол әлеуметтік қызмет нарығын одан әрі дамыту, заңнаманы біріздендіру және заңнамада көзделген жағдайларда әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қатынастарды регламенттеудің бірыңғай қағидаларын пысықтау мақсатында әзірленгені аталып өтілді.

Заң жобасы әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік жұмысты одан әрі заңнамалық, институционалды дамытуды, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру жүйесін жаңғырту негіздерін қалауды, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің субъектілерін, тұтынушыларын және орны мен рөлін айқындауды көздейді.

Жоба халыққа тегін көрсетілетін қолданыстағы әлеуметтік қызмет түрлерін, сондай-ақ ақылы негізде көрсетілетін кейбір жаңа әлеуметтік қызмет түрлерін жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Бұл заң жобасы мемлекеттік бюджеттен: 2009 жылы — 9,6 миллиард теңге, 2010 жылы — 11,95 миллиард теңге, 2011 жылы — 18,7 миллиард теңге қосымша шығысты қарастырады.

Талқылау барысында мәжілісте мақұлданған жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды. Атап айтқанда жобаның арнайы әлеуметтік көмек көрсету бөлігіндегі тақырыбы мен мазмұнын, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өкілетті органдардың құзіретін, әлеуметтік сала қызметкерлеріне біліктілік талаптары мен аттестациядан өткізу тәртібін, арнайы әлеметтік қызмет ұсыну тетігін нақтылауға қатысты болды.

Осы заңды қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіруге арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, «Кәсіпкерлік туралы», «Лицензиялау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Отырыста талқыға салынған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды жетілдіру мақсатында әзірленді.

Бұл заң жобасымен «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр. Атап айтқанда, құжаттың құндылығын айқындау белгілері заңнамалық тұрғыда бекітіледі, құжаттың құндылығына сараптаманы жүзеге асыратын субъект нақтыланды, басқару қызметін құжаттауға бірыңғай талаптар белгіленді.

Заң жобасын сенат комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына:

— «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңға мұрағат қорының құжаттарын есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұрағат ісі бойынша заңнаманы бұзуға кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қана жауапқа тарту бөлігінде;

— «Электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы» заңға Қазақстан Республикасы үкіметінің электрондық құжат айналымы тәртібін бекіту және басқалар жөніндегі құзыретін нақтылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындағаны айтылды.

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Бұл жоба мемлекет басшысының Қазақстан халқына биылғы ақпандағы жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес әзірленген болатын.

Заң жобасының мақсаты 2009 жылы зейнетақыны орташа 25 пайызға ұлғайту болып табылады. Онда зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғарғы табысты шектеуді 25-тен 28 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтуды көздейді.

Сөйтіп 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының жоғары мөлшері 21 900 теңгеден 26 733 теңгеге дейін өсетін болады.

Зейнетақыны төлеуге 2009 жылғы республикалық бюджетте 70,5 миллиард теңге сомасында қосымша қаражат қарастырылған.

Қаралған барлық заң жобалары палатаның қарауына жіберілетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар