Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді

Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді

12 қарашада Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Палата Бюросының мүшелері қабылдаған Қаулыға сәйкес, жеті заң жобасын қарау жоспарланды.

  • 9 Қараша 2015
  • 557
Фото - Caravan.kz

Палата отырысында Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және және оған ілеспе хаттаманы, Латвиямен адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді, 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау мәселелері талқыланады.


Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы және конституциялық заңдарға Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша түзетулер, сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда қаралады.

Соңғы жаңалықтар