Сенаттың жаңа спикері алғашқы үндеуін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаттың жаңа спикері алғашқы үндеуін жасады

Сенаттың жаңа спикері алғашқы үндеуін жасады

 

  • 20 Наурыз 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

ҚР Парламенті Сенатының төрайымы болып сайланған Дариға Назарбаева алғашқы үндеуін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, әріптестер, қымбатты қазақстандықтар! Ең алдымен Сізге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін шын жүректен шынайы алғысымды білдіргім келеді. Парламенттің еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі, әсіресе осынау тарихымыз үшін сындарлы сәттегі рөлін терең сезінемін. Елбасымыз қоғамды жаңғырту, қоғамның әлеуметтік аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдауды күшейту және қорғауды күшейтуге ауқымды міндеттер қойды», — деп атап өтті ол. Сонымен қатар Сенат спикері елді дамыту стратегиясы мен қойылған мақсаттарды заңнамалық қамтамасыз ету — бірінші кезекте адамдардың өмірін жақсартуға, Қазақстан мемлекетін нығайтып, өркендетуге бағытталғандығын атап өтті. «Сіздерге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін тағы да алғысымды білдіріп, өзімнің барлық білім, қабілетімді алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсаймын деп сендіремін», — деп атап өтті Дариға Назарбаева.



 

Соңғы жаңалықтар