"Сенбеймін, көремін дедім": Марқұм Айзат Жұманованың күйеуі сол түні болған тағы бір сұмдық жайтпен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сенбеймін, көремін дедім": Марқұм Айзат Жұманованың күйеуі сол түні болған тағы бір сұмдық жайтпен бөлісті

"Сенбеймін, көремін дедім": Марқұм Айзат Жұманованың күйеуі сол түні болған тағы бір сұмдық жайтпен бөлісті

Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты сот процесінде марқұмның күйеуі Айбар Жанболат жауап берді.

  • 19 Желтоқсан
  • 18
Фото: ашық дереккөздерден

Ол әйелін ұрғанын мойындаса да, бас сүйек пен қабырғасының сынуына кінәлі емес екенін және оқиға кездейсоқ болғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Сaravan.kz хабарлайды.

Айбар Жанболат сотта әйелін ұрғанын мойындады, алайда оның бас сүйегі мен қабырғасының сынуына кінәлі емес екенін айтты және марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.

«Бұл оқыс жағдай түсінбестіктен және өзімнің санасыздығымнан болды. Мен асыл жарымды жақсы көрдім. Оны қасақана өлтіретін ойым да, ниетім де болған жоқ. 22-не қараған түн өзім үшін өте қайғылы болды. Бұл жағдай 15-20 күн бұрын түсінбестік болған. Мамыр айының аяғына таман. Ауылда байланыс нашар ұстайды. Ас ішіп отырған кезде телефон терезенің алдында тұрды. Біреу хабарласса, жазса сол жерден көреміз. Сондай күндері марқұм әйеліме хат келді. Тамақ ішіп отыр едік, сыртқа шығып, телефонмен сөйлесіп жүрген. Басында күдік болмады», – деді марқұмның күйеуі. 

Айбар Жанболат әйелінің телефон арқылы байланысын бақылағысы келгенін, соның салдарынан екеуінің телефонын сындырып, араларының уайымға толы болғанын айтты. Оқиға күні ашуланып, тамақты төгіп тастағанын жеткізді.

“Телефоныңды берші, кіммен сөйлесесің, кім саған жазады?” деп телефонын көргім келді. Жарым “маған сенбейсің бе?” деді. Сенбеймін, көрейін дедім. Екеуіміз де бір-біріміздің телефонымызды сындырып тастадық. Екеуіміз біраз уақыт телефонсыз жүрдік. 7-10 күннен кейін әйелім жұмысшының телефонына өзінің SIM-картасын салып, сонымен байланыста болды. 21-і таңғы уақытта мен тауға кеткенмін, сағат бестерде үйге келсем марқұм әйелім телефонмен сөйлесіп тұр екен. Ашуланып, тағы кіммен сөйлесіп жүргенін сұрап едім, жауап бермей үйге кіріп кетті. Шай-тамағын дайындап жүрді. Маған ашуланып жүрді. Мен де шаршап келгенмін, ашуланып, алдымда тұрған тамағымды төгіп тастадым”, – деді күдікті.

Айбар Жанболат сотта әйелін бірнеше рет ұрғанын мойындап, кейін ашуланып көрші ауылға шығып, сыра ішкенін, үйге қайтып келіп, әйелін іздегенін айтып берді. 

«Ашуланып, сыртқа шығып, мотоциклмен көрші ауылға кеттім. Дүкенге кіріп, 10-15 сыра алдым. Ауылға келер тұста екі-үшеуін іштім. Артынша танысыммен де іштім. Сосын үйге келіп, татуласпақ болдым, қараңғы батып кеткен. Келсем кішкентай балам ұйықтап жатыр, әйеліммен бірінші қабатқа түсіп, сырадан іштік. Бір кезде қасымда жоқ, біраз тостым, қызым жылаған соң екінші қабатқа көтерілдім. Әйелім үйде жоқ екен. Оны іздеп ас үйге бардым, жоқ. Сол жақтан келе жатыр едім көріп қалдым, сол жақ шетте жантайып жатыр екен. Тұрмайсың ба деп едім басым ауырып тұр деді. Біраз қасында отырдым», – деді марқұмның күйеуі. 

Айбар Жанболат сотта әйелін бірнеше рет ұрғанын, баспалдақтан құлатқанын және жағдайының нашар екенін көріп, ауруханаға апаруға тырысқанын айтты. Ол өз әрекетіне өкінетінін жеткізді.

«Әйелім қашаның жанында тұр екен. Үйге кірмей, қарсыласып, сөз қайтарып, тұрып алды. Жерде отырған соң екі қолынан ұстап, көтеріп тұрғызбақ болдым. Қарсыласқан соң ол жерде де 1-2 рет шапалақпен ұрдым. Екі қолтығынан демеп, үйге қарай келе жатыр едім, кірмей қойды. Үйге кіргенде баспалдақтан құлатып алдым. Есік темір болған, соны ашайын дегенімде сол жерде тағы бір құлатып алдым. Баламды тексеріп едім, ұйықтап жатыр екен. Ары қарай сырамды ішіп, теледидар көріп отырдым. Бір кезде әйелім қасыма отырып, басым қатты ауырып тұр деді. Өңі бозарып кеткен. «Басым, басым» деп жантайып жатты. Жағдайы өте нашар екенін көріп, ауруханаға апармақ болып, көршіме айттым. Содан көрші ауылға келдік, жол нашар, 2-3 шақырым жетпей, дөңгелегім жарылды. 20 минуттан кейін жеттік. Марқұм жарымды алып, бардым. Жабық екен, 15-20 уақыт жоғалтып алдым. Сосын Талдықорғанға қарай бет алдым. Ауруханаға кіргізіп, қолымнан келгенін жасадым, бірақ аманатымнан айырылып қалдым. Жазадан қашпаймын», – деді күдікті.

Перейти к новостям спорта