Сенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы американың АМС-9 байланыс спутнигін алып ұшады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон"  зымыран тасығышы  американың АМС-9 байланыс спутнигін алып ұшады

Сенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы американың АМС-9 байланыс спутнигін алып ұшады

7-маусым , сенбі күні Астана уақытымен 5 сағат 15 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы американың АМС-9 байланыс спутнигін алып ұшады. Бұл туралы ғарыш айлағының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 6 Маусым 2003
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарланғанындай, АМС-9 байланыс спутнигін ұшыру 2003-жылдың сәуір айына жоспарланған. Алайда «Бриз-М» жылдамдық блогындағы ақау салдарынан спутникті ұшыру кейінге қалдырылған болатын.

Бұл — 2003-жылғы коммерциялық мақсаттағы бірінші ұшырылым.
Сондай-ақ, 8-маусым , жексенбіде Астана уақыты бойынша сағат 17-де
«Прогресс-М-1» тасымалдаушы кораблі «Союз-У» зымыран тасығышымен бірге ұшырылады деп жоспарланған. Ол Халықаралық ғарыш станциясына екі тоннадан астам отын, су , азық-түлік өнімдері мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. Сонымен бірге ғарыштық жүк тасмылдаушы кеме Халықаралық ғарыш станциясын қазіргіден де биік орбитаға көтеріп шығарады.

Соңғы жаңалықтар