Қазақстанның басым бөлгініде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болмақ, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар, күндіз Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел соғады — 15-20 м/с. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады.