“Сендерден де артық қазақпын": Рамзан Қадыров өз сөзінен енді тайқып шықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сендерден де артық қазақпын": Рамзан Қадыров өз сөзінен енді тайқып шықты (ВИДЕО)

“Сендерден де артық қазақпын": Рамзан Қадыров өз сөзінен енді тайқып шықты (ВИДЕО)

"Ресей Қазақстанды құтқарған" деген Рамзан Қадыров айтқан сөзінен тайқып шықты. Ол қазақ халқы туралы ешқашан жаман сөз айтпағанын алға тартып отыр.

  • 22 Маусым 2022
  • 1514
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Telegram желісіндегі арнасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Көптеген блогерлер менің көңіліме келетін сөздер айтты. Яғни Рамзан Қадыров қазақтар туралы жаман сөз айтты деген көрінеді. Мен сіздерді ренжіткім әлде қуантқым келеді. Мен сіздерден де артық қазақпын. Менің әкем Қазақстанда туған. Менің атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Және мен ешқашан өмірімде қазақтар туралы жаман сөз айтмағанмын. Мен жалпы саясат туралы айттым. Сіздер Қазақстанда не болғанын жақсы түсінесіздер, бірін бірі өлітре бастады және олардың артында біреулер тұрды. Сондықтан ОДКБ күштері қажет болды. Бірінші болып Ресей күштері келді деп айтты Қазақстан президенті, сондықтан бұдан саясат жасамайық. Мен қазақ халқын өте жақсы көремін, тек мен ғана емес барлық шешен халқы, өмірден өткен ата бабаларымыз барлық кезде қазақтарға разы болған, алғыс айтқан. Шешендерді жер аударған Сталинді лағнет атсын". — деді Рамзан Қадыров.


 

Соңғы жаңалықтар