"Сендерге Мекке де ойыншық болды ғой": Меккеде ұлттық киім киген Жазира Байырбекова қатаң сынға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сендерге Мекке де ойыншық болды ғой": Меккеде ұлттық киім киген Жазира Байырбекова қатаң сынға ұшырады

"Сендерге Мекке де ойыншық болды ғой": Меккеде ұлттық киім киген Жазира Байырбекова қатаң сынға ұшырады

Әнші Жазира Байырбекова Умра сапарында діни парызын орындап жүр. 

  • 25 Қаңтар
  • 2068
Фото - Caravan.kz

Қасиетті мекенде жүрген өнер иесі хиджабтың орнына қазақтың ұлттық киімін киіп көпшіліктің назарын аудартқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қазағымның ұлттық құндылықтары жоғалмаса екен деп тіледім. Қасиетті мекенде ұлттық киім киюдегі мақсатым да осы еді", — деп жазды әнші.

7000-нан аса пікір жазылған аталмыш видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

"Қасиетті мекенде олай назар аудартуға болмайды, егер дін жолын тереңірек білсеңдер", "Меніңше, ерсі сияқты, подиумда жүргендей", "Өз елдеріңде таратсаңдаршы бірінші осылай, мода көрсетуге бардың ба", "Қасиетті мекендегі мақсатың құлшылық болсын, сән көрсету емес", "Сендерге Мекке де ойыншық болды ғой, ойыларыңа келгенді істеп", — деп жазды олар.