"Сенім болған жоқ": Марат Омаров некесіз туған немересін ақыры қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сенім болған жоқ": Марат Омаров некесіз туған немересін ақыры қабылдады

"Сенім болған жоқ": Марат Омаров некесіз туған немересін ақыры қабылдады

Марат Омаров некесіз туған немересін ақыры мойындады. Медициналық сараптамадан кейін Азамат некесіз туған қызына өз тегін береді.

  • 6 Наурыз 2020
  • 944
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Shownews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол қызды танимын, 4 ай бірге болып, уәде беру деген болған жоқ. Екі жылдан кейін "сенің қызың бар", — дегені мен үшін аспаннан түсіп қалған жаңалық сияқты болды", — дейді Азамат Омаров.

"Әнші болғаннан кейін, атақты болғаннан кейін бір жағынан бай деп ойлай ма қажеттілікке байланысты телефон шалатын адамдар бар. Басында аңғармадым, "Екі жылдан кейін сіздің немереңіз бар", — дегенге кім сенеді. Миллиондаған хат келіп жатқанда сенім болмады. Себебі, балам айтқан емес. Зарина әлеуметтік желілерде, БАҚ-на өте ашық. Менің көмекшілерім бар. Соларға шығып немесе көзбе-көз менімен кездессе мен ешқашан да қашқан емеспін. Жалпы, қазақ қыздарының жылағанына ешқашанда қаламаймын", — деді Марат Омаров.

Азамат Омаров Кәмшатпен бір рет қана кездескенін айтты. Тіпті оған ешқандай уәде бермеген. Оның алғашқы некесінен екі баласы бар. Бірақ қазіргі таңда отбасынан Омаров бөлек тұрады.

"Ең бастысы бәрі анықталды. Көзайымды Азаматқызы деп атадым. Кәмшатқа бақыт тілеймін. Мен ол қызды кінәламаймын, өйткені кінә менен де бар. Бірақ мен онымен араласып, қандай болғанын білген жоқпын. Болғанымыз бір-ақ рет", — дейді Азамат Омаров.

Марат Омаров некесіз немересінің барына шын қуанғанын айтты.


"Дәлелденіп жатқан дүние болса, мен қалай қарсы боламын? Сол себепті дәлелденбегенге мен ештеңе айта алмадым. Халыққа да маған жауап беру қиын болды", — дейді Марат Омаров.

Аталмыш оқиғадан соң жұрттың танымал отбасының бас сала жағымсыз пікір жазғаны да жасырын емес. Әкесі мен інісіне жағылған қара күйе Заринаға да оңай соқпапты. Әлеуметтік желіде алғаш жазба салып, сабырға шақырған да Зарина болатын.

"Бұл оқиға жалғыз менің ініме, бүкіл біздің әулиетімізге тиді. Ол жерде менің әкемнің де аты айтылды. Менің інімді мүлдем басқаша етіп көрсеткені біздің жанұямызға өте қатты ауыр тиді", — деді Зарина Омарова.

"Екі жыл бұрын отбасымда бір мәселелер болып көңіл күйім болмай жүрген. Көлігімді сатып, казиноға барған емеспін. Неге олай айтқанын білмеймін. Инстаграмда қаралап, қарғап жазып жатты. Сол жағы біткеніне өте қуаныштымын. Әкемнен кешірім сұраймын. Бұл пиар жолы деп достарыма әзілге айналдырып жіберемін", — дейді Азамат Омаров.