«Процесс шеңберінде одан әрі алға жылжу үшін біз аталмыш мәселелердің барлығын сан алуан көзқарас тұрғысынан егжей-тегжейлі қарауымыз керек. Сол себепті көп нәрсе бізге байланысты»,- деді Қ.Әбусеитов. Оның айтуынша дәл осы мақсатпен 2004-жылы кеңестің аға лауазым иелері комитетінің бас қосуы өткізілмекші. «Бұдан кейін біз 2004-жылдың 22-қазанында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше барлық 16 мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынып отырмыз. Одан әрі біз 2006-жылы өткізуді жоспарлаған кеңеске мүше елдердің мемлекет басшыларының бас қосуына белсенді түрде дайындалатын боламыз»,- деп хабарлады вице-министр.
Қ.Әбусеитовтың пікірінше, қазіргі жағдайда «еріктілік және сатылылық принциптері арасында қалыптасқан тепе-теңдікті нығайта отырып сенім шаралары Каталогының көрсеткіштерін орындаудың міндеттілігін қамтамасыз ету тұрғысында біраз жұмыстар атқару қажет».