Сенім шараларының Каталогы, ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасау - стратегиялық маңызды мақсат - ҚР СІМ-нің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенім шараларының Каталогы, ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасау - стратегиялық маңызды мақсат - ҚР СІМ-нің орынбасары

Сенім шараларының Каталогы, ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасау - стратегиялық маңызды мақсат - ҚР СІМ-нің орынбасары

Сенім шараларының Каталогына қатысты екі құжат , ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасау - Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің жалпы даму процессіндегі стратегиялық маңызды мақсат болмақ. Бұл туралы бүгін, 26-қарашада Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов атап көрсетті.

  • 26 Қараша 2003
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Процесс шеңберінде одан әрі алға жылжу үшін біз аталмыш мәселелердің барлығын сан алуан көзқарас тұрғысынан егжей-тегжейлі қарауымыз керек. Сол себепті көп нәрсе бізге байланысты»,- деді Қ.Әбусеитов. Оның айтуынша дәл осы мақсатпен 2004-жылы кеңестің аға лауазым иелері комитетінің бас қосуы өткізілмекші. «Бұдан кейін біз 2004-жылдың 22-қазанында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше барлық 16 мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынып отырмыз. Одан әрі біз 2006-жылы өткізуді жоспарлаған кеңеске мүше елдердің мемлекет басшыларының бас қосуына белсенді түрде дайындалатын боламыз»,- деп хабарлады вице-министр.

Қ.Әбусеитовтың пікірінше, қазіргі жағдайда «еріктілік және сатылылық принциптері арасында қалыптасқан тепе-теңдікті нығайта отырып сенім шаралары Каталогының көрсеткіштерін орындаудың міндеттілігін қамтамасыз ету тұрғысында біраз жұмыстар атқару қажет».

Соңғы жаңалықтар