Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Жан жарым! Сен менің өмірімнің мәні, жүрегімнің иесі, отбасымның шамшырағы едің. 2025 жылдың 8 қарашасы — менің жүрегіме мәңгі өшпес жара салған күн. Сен халыққа адал қызмет еттің, фельдшер ретінде біреудің өмірін құтқарамын өз тағдырыңды құрбан еттің.
Сол күні сен қорықпай алға ұмтылдың. Өз өміріңді емес, өзгелердің амандығын ойладың. Міне, сондықтан сен менің ғана емес, тұтас ұлттың батырысың. Сенің батырлығың, мейірімің, адалдығың ешқашан ұмытылмайды. Сен біздің ортамызға, отбасыңа, еліңе үлгі болдың.
Жаның жәннатта болсын, жарығым! Сенімен бірге арман, үміт, күлкі де кетіп қалғандай. Мен сені шексіз жақсы көрем. Сен менің жүрегімде, дұғамда, әр күнімде мәңгі өмір сүресің.
Қош бол жаным! Сен менің ең үлкен мақтанышымсың”, — деп жазды ол.
