«Сенің орның қара түнек шахта емес, сахнаның төрі болу керек еді»: Костенко шахтасында опат болған кеншілер өлімінен кейін қазақстандықтар жаппай шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сенің орның қара түнек шахта емес, сахнаның төрі болу керек еді»: Костенко шахтасында опат болған кеншілер өлімінен кейін қазақстандықтар жаппай шу шығарды

«Сенің орның қара түнек шахта емес, сахнаның төрі болу керек еді»: Костенко шахтасында опат болған кеншілер өлімінен кейін қазақстандықтар жаппай шу шығарды

Қарағанды облысы Костенко шахтасында орын алған апат көптеген қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.

  • 1 Қараша 2023
  • 71
Фото - Caravan.kz

Осыған орай, желіде көпшілік "Арсилор Миталл Теміртау" басшысы Лакшми Миталлдың заңды түрде жазасын алып, кеншілер қауіпсіздігі мәселесін күшейтуді талап етуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Кеншілердің техникалық қауіпсіздік сақталмаған шахталарда жылдар бойы жұмыс істеп келгенін ТЖМ министрлігі де растады. 

Одан бөлек, шахтерлердің туыстары да бұдан былай елдің барлық шахталарын талап етуде. Мәселен, 16 жыл бойы шахтада жұмыс істеген Әсет Мұсабековтың жұбайы барлық кәсіпорын басшылары мен ел Үкіметіне үндеу жолдады. Ол бұдан былай кеншілер жұмысына жағдай жасалсын деген талап қойды. 

Ал күні кеше Костенко шахтасында марқұм болған Ақынжан Орақбаевтың желідегі парақшасына соңғы рет қызына өсиет айтқандай дәл осы видеоны жүктегенін көріп, көпшілік одан ары ашынды. Олар осы қайғылы жағдай кесірінен талай жас азамат қыршын кеткенін айтып, марқұмның туыстарына қолдау көрсетті.  

"Жаным-ай өзі өнерлі бала болған екен. Сенің жұмыс орның жердің асты емес, жердің үсті болу керек еді", "Сенің орның жердің астындағы қап-қара түнек шахта емес, сахнаның төрі болу керек еді ғой бауырым. Әттең, қаншама осындай қазағымның өнерлі балдары қор болып жүр қолдары қысқа болып. Кілең сайқымазақтар шығып кетті қазіргі кезде сахнаға я дауыстары жоқ, я айтар өсиеттері жоқ. Бір кем дүние деген осы шығар. Иманың саламат болсын", "Бір туар, ағып түскен жұлдыз болып тур ғой, иманы салауат болсын" деп жазды олар.