Сенің сақалың бар, демек уахабсың - қазақ әйелінің қазақ жігіттеріне айтқаны - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенің сақалың бар, демек уахабсың - қазақ әйелінің қазақ жігіттеріне айтқаны

Сенің сақалың бар, демек уахабсың - қазақ әйелінің қазақ жігіттеріне айтқаны

Қазнетте шулы бейнежазба пайда болды.

  • 16 Қараша 2017
  • 2653
Фото - Caravan.kz

Отандық танымал eap_kz атты Instagram парақшасындағы видеотүсірілімде белгісіз қазақ әйелі үй ауласында бір топ жігітпен сөзге келіп қалып, дінге байланысты жанжалдың тууына себепкер болды, — деп хабарлайды Сaravan.kz

Келеңсіз жағдайдың неден басталғаны белгісіз. Алайда "басты кейіпкер" әлгі жігіттердің сақал өсіруіне назар аударып қана қоймай, оларды ваххабит деп айыптап, дөрекі сөздермен балағаттай бастайды. Олар өз кезегінде шыдамдылық танытып, басбұзар әйелден тынышталуды талап етеді. 

Бірақ ол дегенінен қайтпай, қазақ тілінен орыс тіліндегі балағат сөздеріне көшіп, өзінің діндар адамдарға деген жек көрінішін көрсетеді. Сөйтіп, бірер минуттан кейін ғана ауладан кетеді. 

Жазбаны 100 мыңға жуық қолданушы көріп, мыңдаған пікір қалдырған. Оның ішінде дін мәселесіне байланысты көптеген қарама-қайшылықтар туралы айтылып, пікірталас қыза түскен.

Бейнежазбаның өзін сіздер де көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар