Сенсация: Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенсация: Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Сенсация: Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Ол қазір әлемдік рейтингте 82-орында тұр.

  • 16 Наурыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің финалына шықты. Әлемдік рейтингте 82-орында тұрған спортшы жартылай финалда 38-орындағы португалиялық Нуну Боржешті сенсациялық түрде жеңді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Sports.kz-ке жазуынша, Бублик қарсыласын екі сетте — 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтып, шешуші матчқа жолдама алды. Боржеш бұл кездесудің фавориті саналғанымен, Александр тамаша ойын көрсетіп, күтпеген жеңіске қол жеткізді.

Финалда қазақстандық теннисші бразилиялық Жоау Фонсека (80-орын) мен жапониялық Кей Нисикори (76-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Финикс турнирінің жүлде қоры 250 000 долларды құрайды. Оның ішінде жеңімпаз 38 420 доллар мен 175 рейтингтік ұпай алады. Қазіргі таңда Александр Бублик Қазақстанның ең үздік теннисшісі болып саналады.