— Фильмде темір жол тақырыбы қозғалған. сіздің ата-анаңыз осы салада қызмет еткенін білеміз және де мамандығыңыз да аталмыш саламен тікелей байланысты. Бұл кинокартинаның дүниеге әкелуге себепкер болды ма?
— Менің өмірімде барлығы темір жолмен байланысты. Өзім темір жол ауданында тұрдым, темір жол гимназиясында білім алдым, тіпті Темір жол университетін тәмамдадым. Әкем, анам, әжем, атам — бәрі темір жол саласында еңбек етті. Сол себепті осы фильмнен соң біздің отбасына деген "қарғыс" сейіледі деген үмітім бар. (бәрі жамырай күлді).
— Адамды күлдіру қиынның қиыны деген пікір бар. Осымен келісесіз бе?
— Жооқ, әрине келіспеймін! Бәрі оп-оңай! Көріп тұрсыздар, міне, мен сөйлеп отырмын, ал сіздер күліп отырсыздар. (жымиды). Меніңше, бұл қиын емес. Ал екінші жағынан алып қарасақ, өмірді оңай дүние жоқ. Бірде-бір жеңіл мамандық жоқ. Бірақ, менің ойымша, егер адам өз қызметіне тым қатал қараса, оған оңай болмайды.
— Сіздің соңғы екі жұмысыңыз — «Горько» және «Скорый «Москва-Россия», қазіргі қарапайым өмірді, яғни таптаурын болған тақырып болуы да мүмкін, бұл көздеген мақсатыңыз болды ма?
— Бұл мені қызықтырады. Егер өзім қатысқан барлық жобаны алып қарасақ, олар бір-біріне ұқсас. «Наша Раша», «Прожектор Перис Хилтон», «Горько» және «Ёлки» — бұл, ортақ мақсатты құраушы буындар. Өмірімде болып жатқан құбылыстарды қалт жібермеймін, бақылаймын. Бұл маған өте қызықты — қарқылдап күлу де, көл жасын көл қылып жылау да. Ең бастысы, түйсігімде өзім тұрып жатқан еліммен байланыста болғаны.
— Қазақстандық режиссерлерден ұсыныстар болды ма?
— Үнемі. Біреуімен келістім, бұйырса, Жаңа жыл алдында осымен үшінші рет түспекшімін. (күледі). Басқа ұсыныс әзірше түскен жоқ.
— Украинаға картина өзге атпен барады. Қандай атпен ұсынылмақ және неліктен атын өзгерттіңіздер?
— Фильм қысқаша — «Скорый» деп аталмақ. Саяси астары болмасын, көңілге кірбің ұялатпасын деген ниетпен осылай атауды жөн көрдік. Сондай-ақ жарнамадан: «Русские не сдаются!» деген сөздерді алып тастаймыз.
Сондай-ақ Сергей Светлаковтың тағы бір эксклюзивті сұхбатын КТК телеарнасындағы "Другая правда" бағдарламасынан тамашалай аласыздар.


