Серік Ахметов мемлекеттік органдарға Қызылорда облысын газбен жабдықтау жөнінде тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметов мемлекеттік органдарға Қызылорда облысын газбен жабдықтау жөнінде тапсырма берді

Серік Ахметов мемлекеттік органдарға Қызылорда облысын газбен жабдықтау жөнінде тапсырма берді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қызылорда облысының Н.Ілиясов атындағы ауылына барып, онда тұрғындармен кездесті деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

  • 16 Қараша 2012
  • 326
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы ауылдық округтік үлгісіндегі тірек елді-мекендерді дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Ауыл шаруашылық құрылымдарының жетекшілері ауылдағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жергілікті өзін-өзі басқару және ауыл шаруашылығы салаларының дамуы жөнінде хабардар етті. Кездесуде Премьер-Министр жас мамандарды ауылға кеңінен тарту қажеттігіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ С.Ахметов облыста құрастырылған ауыл шаруашылығы техникаларының үлгілерін қарады.

Сапар барысында С.Ахметов облыстық медициналық орталық және балалар үйлерінің түлектері тұрып жатқан Жасөспірімдер үйін аралады.

Сонымен қатар Премьер-Министр 780 орындық облыстық медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Аталмыш орталыққа жыл сайын 45 мың адам қаралады. Медициналық мекеме заманауи құралдармен жабдықталған, онда 1500 қызметкер еңбек етеді, оның 200-і дәрігерлер.

Жұмыс сапары әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері және өңірдегі Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы қаралған кеңесте қорытындыланды.

«Мемлекет басшысының айрықша бақылауға алып отырған жобаларының бірі — Арал теңізін сақтап қалу», — деді С.Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстық әкімшілікпен бірлесе отырып, солтүстік Аралды қалпына келтіру жұмыстарының соңғы нұсқасын аяқтауды және жобаны кезең-кезеңмен іске асыру жоспарын қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ С.Ахметов тиісті мемлекеттік органдарға Қызылорда облысын газбен жабдықтау және Сырдария өзенінің арналарын тазалау жөнінде тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар