Серік Ахметов өзіне тағылған айыптардың ойдан құрастырылғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметов өзіне тағылған айыптардың ойдан құрастырылғанын айтты

Серік Ахметов өзіне тағылған айыптардың ойдан құрастырылғанын айтты

Үкіметтің бұрынғы басшысы Cерік Ахметов өзіне тағылған айыптар ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Қарағандыда өтіп жатқан атышулы сот отырысында бір де бір экс-шенеунік өзіне тағылған айыптармен келіскен жоқ.

  • 14 Тамыз 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

Серік Ахметов тағылған айыптардың нақты дәлелі жоқтығын және соттың әділ шешім шығаратынына сенім білдірді. Ал Қарағанды облысының экс әкімі Бауыржан Әбдішев прокурорлардың  «халықтың алдында мемлекет беделіне нұқсан келтірді» деген айыптауын мүлдем алып тастауын талап етті. Өздеріне тағылған айыппен бірді-екілі кәсіпкер ішінара келіскені болмаса, экс-шенеуніктер мүлдем келіскен жоқ. Бір қызығы, Қарағанды әкімдігінің Ахметов бастаған айыпталушылардың қала бюджетіне 200 миллион теңгеден аса шығын келтіргенін айтып арызданғаны да белгілі болды.   

Соңғы жаңалықтар