Серік Ахметов тергеушілердің таққан айыбын түкке тұрғысыз деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметов  тергеушілердің  таққан айыбын түкке тұрғысыз деп атады

Серік Ахметов тергеушілердің таққан айыбын түкке тұрғысыз деп атады

Тырнақ астынан кір іздеген тергеушілердің таққан айыптары түкке тұрғысыз! Қазына қаржысына қол салды деп айыпталған экс-премьер Серік Ахметов бүгін сотта жауабын осылай бастады. Айыптаулардың бірде бірімен келіспейтінін Ахметов ашық айтыпт отыр.

  • 27 Қараша 2015
  • 242
Фото - Caravan.kz

Серік Ахметов, айыпталушы:

-Осында отырған азаматтардың барлығының көзі ашық, көкірегі ояу. Солай бола тұра, тергеу мәліметтерінің дәйексіз екені өкінішті. Ешкімді кінәлағым келмейді. Бірақ мені қаралағандардың ісіне бағаны Алла берсін.

Қарағандының тендерлеріне қатысқан «СтальЦинк» компаниясы інісі мен баласына тиесілі болғанымен, мемлекет алдындағы міндеттемелерін ұқыпты атқарды дейді Ахметов. Экс-премьер жақындарына жер үлестірді деген айыппен де, араб фирмаларына бюджеттің қаржысын аударды дегенге де келіскен жоқ. Ауқымды жемқорлық ісі бойынша Үкіметтің бұрыңғы басшысымен бірге 4 айдан бері 21 адам сот алдында жауап беріп жатыр. Барлығы Қарағанды облысы бюджетінің қыруар қаржысын қалтаға басты деп айыпталуда.  

Соңғы жаңалықтар