Нәтижесінде, респонденттердің 36 пайызы жаңа Үкіметтің жұмысын тәуір десе, тұрғындардың 19 пайызы көңілі толмайтынын ашық айтқан. Ал Серік Ахметовтың премьерлік қызметін сұралғандардың елу бір пайызы оң бағалапты. Ахметов сенім туғызады, халықтың проблемасына қанық деп баға бергендер де, керісінше тәжірибесіз ештеңе шешпейтін қатардағы шенеунік дегендер де табылған. Сауалнамаға қатысқандар Министрлер кабинеті ең бірінші кезекте азық-түлік құнының шарықтауына жол бермеу, тариф бағасын ұстап тұру, медициналық қызметтің сапасы мен жемқорлықпен күресті күшейтуі керектігін айтқан.