Серік Ахметовке қатысты сот ісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметовке қатысты сот ісі басталды

Серік Ахметовке қатысты сот ісі басталды

Бүгін Серік Ахметовке қатысты сот ісі басталды, деп хабарлайды http://www.24.kz/ .

  • 10 Тамыз 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz


Осыған дейін экс-премьердің қорғаушылары оның кінәлі еместігін мәлімдеп, Ахметовке қатысты істің сотта қаралуын тоқтату туралы арыз берген еді. Ал Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев осыдан бұрын оған қарсы тергеуде берген түсініктемелерінен бас тартты. Бұрынғы әкім өзіне қысым жасалғандығы туралы мәлімдеді. Атышулы сот ісі дүйім жұрттың назарын өзіне аудартты. Осының салдарынан, тіпті облыстық соттың ең үлкен залына келіп, сот барысын қадағалауға тілек білдірген халық сыймай қалды. Серік Ахметовпен қатар тағы 20 адам айыпталушылар орнында отыр. Олардың арасында қаланың және облыстың экс-әкімдері Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов, жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Ернар Дәрібеков, индустриалды парктің экс-директоры Анатолий Ессе мен «Қазақстан өнеркәсіп корпорациясы» ЖШС бас директорының бұрынғы орынбасары Әлжан Ақмолдаев бар.  Аты аталғандардың барлығы жемқорлық қылмысқа қатысты айыпталуда. Күдіктілерді 50 адвокат қорғауда. Бір ғана Серік Ахметовтің басында 5 қорғаушы бар. Экс-премьерге қатысты қылмыстық іс 340 томнан тұрады. Оған ҚР ҚК  «Пара алу», «Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен ысырап ету», «Қызметтік өкілеттіліктерді бас пайдасы үшін пайдалану» және «Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу» баптары бойынша айып тағылуда.  Істі қарастырып жатқан судья Исламхан Есенбаев қорғаушылардың барлық арыздарын кері қайтарды.

Соңғы жаңалықтар