Осы эпизод бойынша тағы 6 шенеунік жауапқа тартылды. Ал куәгерлердің бірі қазіргі әкім аппаратының жетекшісі болса, екіншісі Қарағанды облысы басшысының орынбасары. Алайда прокурорларға олардың пайдасы тимеді. Сот отырысы судьялардың сөз таласына айналды. Төрағалық еткен судья адвокаттардың да, айыптаушы жақтың да сұрауын қанағаттандырмай қойды. Тіпті, куәгерлерге де ауыз аштырмады.