Естеріңізге салсақ, ақпан айында қаржы полициясы Серік Баймағамбетовке «аймақтағы департамент басшысы лауазымын сатпақ болды» және «қызмет бабын пайдалана отырып үлкен көлемде пара алды» деген айып тағылып, қамауға алған болатын. Ал қыркүйекте Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотта 54 жастағы экс-шенеунікке қатысты сот ісі басталған-ды. Енді сол шулы процесc аяқталуға жақын. Мемлекеттік айыптаушылар 12 жылмен бірге оның дүние-мүлкін тәркілеп, барлық наградаларынан айыруды сұрап отыр.